RU

Алматыда атақты кинотеатр ақыры қиратылды (фото)

Алматыда үлкен дауға себеп болған тарихи нысан ақыры сүріліп жатыр. «Алатау» кинотеатрының орнына енді еліміздегі алғашқы «Макдональдс» дәмханасы салынбақ деп хабарлайды КТК арнасы.

Қазір кинотеатр аумағына аттап басу мүмкін емес. Жан-жағы түгелдей биік қоршаумен жабылған. Ал ішінде сүру жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Нысанның алдыңғы бөлігі түгелдей қиратылып біткен.

Еске салсақ, тұрғындар 60 жылдай тарихы бар кинотеатрдың орнына фаст-фуд дәмханасының тұрғызылуына наразылық білдірген еді. Бірақ тарихи ғимаратқа айналған осы нысанды бұл қарсылық шарасы да құтқара алмады.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/917967-almatyda-ataqty-kinoteatr-aqyry-qira.html