RU

Американдықтар «жоқ болып кететін» ұшқыш-робот шығарады

Американдық DARPA қорғаныс агенттігі шығаратын ұшқыш-роботтар қажетті ақпаратты діттеген жерге дейін жеткізеді. Әскери тапсырма орындалған соң бұл аппараттар жоқ болып кетеді, деп хабарлайды ерochtimes.ru.

Ұшқыш-робот 1,4 келіге дейін жүкті GPS бойынша жеткізе алады. DARPA мәліметінше, аппарат жүктелген тапсырманы орындай салысымен, бастапқы шыққан жеріне қайтып оралмастан ұшты-күйлі жоғалып кетеді.

Әскери-барлау мақсаттары үшін шығарылған роботтың бұл функциясынан қорғаныс ведомствосына керегі де сол.

Себебі ұшқан ізімен қайтып оралған жағдайда, құрылғы сарбаздардың орналасқан жерін қарсылас жаққа білдіріп қоюы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/918026-amerikandyqtar-zhoq-bolyp-ketetin-u.html