RU

Әлемдегі ең алып үйрек Нью-Йоркке жүзіп барады

Әлемдегі резеңкеден жасалған ең үлкен үйрек ұлулар фестиваліне қатысу үшін алғаш рет Нью-Йоркке жүзіп барады.

Тақырыптық шара 17 және 18 қазанда өтеді, деп жазды epochtimes.ru.

6 қыркүйектен бастап сары алып үйрек Бейжіңдегі Юндин өзенінде жүзген. Енді ол өзге қалаларды бағындыруға аттанды.

Резеңкеден жасалған заттың ұзындығы 18,6 метр, салмағы шамамен 10 тонна. Оны нидерландтық суретші Флорентин Хофман жасаған.

Ол Сиднейде, Осакада, Амстердамда, Сан-Паулуда, Питтсбургте, Бейжіңде және Гонконгта болып үлгерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/918105-alemdeg-enh-alyp-uyrek-nyu-yorkke-zhuzip.html