RU

Анкарада болған жарылыстан қаза тапқандардың саны 86 адамға жетті (видео)

Түркия астанасы Анкарада 10 қазан күні орталық теміржол бекеті жанында екі жарылыс болып, қаза болғандардың саны 86 адамға жетті.

Анкарада қанды жарылыстарға қатысты Түркияның Денсаулық сақтау, Ішкі істер және Әділет министрлері бас қосып, баспасөз мәслихатын өткізуде.

Жиында Денсаулық сақтау министрі Мехмет Мюезооғлы келіп түскен соңғы ақпараттарымен бөлісті. Оның айтуынша, жарылыстан 86 адам қаза тауып, 186-сы жарақат алған. 28 кісінің жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр.

Бұған дейін Түркия ІІМ деректеріне сүйенген Reuters кемінде 30 адамның қаза болып, 126 адамның жараланғанын жазған еді.

Еске сала кетсек, Жарылыс «Еңбек. Бейбітшілік. Демократия» бейбіт наразылық шеруі кезінде болды. Онда шеруге қатысушылар түрік билігі мен күрдтер арасындағы әскери қақтығыстарды тоқтатуды сұраған. Түрік билігі Анкарадағы жарылыстар сериясын теракт деп есептейді.

Оқиға орнында құқық қорғау органдары мен саперлер жұмыс істеуде.

Сондай-ақ, желіде жарылыс болған сәт көрсетілген видео пайда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/918204-ankarada-bolghan-zharylystan-keminde-30.html