RU

Стив Джобстың әйелі күйеуі туралы киноны көргісі келмейтінін айтты

Жуырда Apple корпорациясының аты аңызға айналған басшысы Стив Джобс туралы биографиялық фильмнің тұсауы кесіледі.

Дэнни Бойлдың «Стив Джобс» атты туындысында Майкл Фассебендер басты рөлді сомдап, марқұмның өмір жолын шынайы беруге тырысыпты. Алайда аталған фильмнің тұсаукесерін көргісі жоқтардың қатарында Стив Джобстың әйелі Лорен Пауэлл де бар көрінеді.

Әйел фильмнің түсірілімін тоқтату мақсатында актер Леонардо Ди Каприо мен Кристиан Бэйлға бірнеше рет қоңырау шалып, киноны түсірмеуді өтініпті.

Туынды сценарисі Лорен Пауэллдың неліктен мұндай қылық танытқаны туралы тіс жармай отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/918734-stiv-dzhobstynh-ayeli-kuyeui-turaly-kin.html