RU

Алматылықтар Қазақстандағы ең ішкіш тұрғындар болып танылды

Алматылықтар Қазақстандағы ең ішкіш тұрғындар болып шықты. Қалалықтар арасында ішкілікке салынғандар орташа республикалық көрсеткішті 5 орап алған.

Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Қалада 14 мың ішімдікке тәуелді тұрғын ресми түрде тіркелген.

Денсаулық сақтау министрлігі наркологиялық және психиатриялық емханалардың мәліметтеріне сүйене отырып, қуанта қоймайтын қорытынды шығарды. Орта есеппен елімізде 100 мың тұрғынның 210-ы ішкілікке салынған.

Алайда Алматыда бұл көрсеткіш 1000-ға дейін жеткен. Шығыс Қазақстанда - 500 шақты. Үштікті Атырау облысы тұйықтады: онда 100 мың тұрғынның 240-ы ішімдікке тәуелді. Бұл тек емханаға түскендердің саны.

Ішкілікке салынғандардың жасы әрқалай. Жеткіншектерден бастап, қарт кісілерге дейін бар. Бас прокуратура да бұл жайтқа алаңдаулы. Себебі адам өлтіру мен жол апатына көбіне шектен тыс ішімдік ішу себеп болуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/918880-qazaqstandaghy-enh-ishkish-turghyndar-alm.html