Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте екі әкім сенбілікке шығып, қаланы қоқыстан тазалады (фото)

Опубликовано:

Шымкентте 10 қазан жаңару мен тазалық күні ретінде жарияланып, жалпықалалық сенбілік өткізілді.

Тазалық акциясына облыс əкімі Бейбіт Атамқүлов пен қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, халық қалаулылары, ардагерлер жəне жастармен бірге Бекет батыр көшесінде 50 түп сәндік ағаш көшетін отырғызды.

Жалпықалалық сенбілікте қала әкімдігінің 14 құрылымдық бөлімі мен жоғары оқу орындарының студенттері, 46 облыстық басқарма және аумақтық мекеме қызметкерлері, қала тұрғындары белсенділік танытты.

Тазалық жұмыстары 59 көше мен 6 саябақ, гүлзар, Қошқар ата өзенінің бұлақ көздерінен Ордабасы алаңына дейінгі қорғалу аймағында және Дендросаябақ аумағында жүргізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/918931-shymkentte-eki-akim-senbilikke-shyghyp-q/

pixel