RU

Танымал суретші астаналық ғимараттарды "чупа-чупс", "зажигалка" деп атайтындарға шүйлікті

Танымал қазақ суретшісі Сембіғали Смағұлов еліміздегі жаңадан салынған ғимараттарға «чупа-чупс», «зажигалка» атауларын беру мәдениетсіздіктің белгісі екенін айтты.

Бұл туралы ол Ақтөбеде ұйымдастырылған көрме барысында aktobetimes.kz тілшісіне айтқан.

Астанадағы «Қазақ елі» Тәуелсіздік монументінің авторы отандастарының өнер туындыларына деген атүсті көзқарасына ренішін жасырмады.

«Егер бізде қандай да бір архитектуралық нысандар пайда болса, оған «зажигалка», «чупа-чупс» деген атаулар береді. Бұл мәдениеттің төмендігінен. Мәдениеті жоғары адамдар ешқашан мұндайға бармайды», - дейді суретші.

«Мені символист деп атаса да болады. Өйткені, символдар әртүрлі ойлайтын адамдардың бәріне түсінікті. Гете мен Ницше де символдар туралы айтқан. Мен аяқ астынан «Қазақ елі» монументінің авторы атанған жоқпын. Онда Самұрық құсы бар. Мұны сынағандар да көп болды. Яғни, барлық ертегілер мен аңыздарда бұл құс жапа шегеді дегенді айтты. Бұл олай емес. Бұл елдің болашағы. Мен оның салтанат құрып тұрғанын бейнеледім. Өйткені, әлеуетіміз бізді ең ұлы халықтардың бірі болуға жетелеуде», - дейді Смағұлов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/918996-tanymal-suretshi-ghimarattardy-chupa-ch.html