RU

Бозымбаев бопсалау ісі бойынша алғашқы сот отырысына келді

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев өзінен 500 мың доллар бопсалаған іске қатысты соттың бірінші отырысына келіп, жауап берді. Бұл туралы Today.kz хабарлайды.

Естеріңізге салсақ, процесс жабық түрде өтуде. Журналистер тек мансапты шенеуніктің арнайы ауданаралық қылмыстық сотқа қасында өзгелердің еруінсіз көлікпен сағат 10:00-де келгенін ғана көрді.

Қанат Бозымбаев процеске зардап шегуші ретінде қатысуда. Қылмыстық істің материалдарына сәйкес, одан баласының зорлауға қатысы бар екені жайында зардап шеккен қыздың айтқаны жазылған бейненің тарап кетпеуі үшін жарты миллион доллар талап еткен.

Сот алдында төрт айыпталушы – павлодарлық "Версия" апталығының редакторы Ярослав Голышкин. Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асқар Бахралинов, кәсіпкер Нұржан Сүлейменов және бұрынғы полиция қызметкері Фархат Алиясов.

Алдыңғы сот тыңдауларында процесс жабық түрде өтетіні жарияланған. Бозымбаевтың ресми өкілі Марк Қабдығалидің сөзінше, облыс әкімі сот жабық өтсін деген бұйрық бермеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/919349-bozymbaev-bopsalau-isi-boyynsha-alghash.html