RU

Ақылбек Жеменей Zhemeney атты брендті киім шығарды

Отандық әнші Ақылбек Жеменей Zhemeney атты өз брендін қалыптастырып жатыр. Бұл туралы танымал жұлдыз "Қазақстан" телеарнасындағы "Бүгін жексенбі" бағдарламасында айтып өтті.

Ақылбектің Instagram парақшасындағы жазылушылары әншінің эксклюзивті бастамасына қуанып, өз лебіздерін жаудырып жатыр.

"Жеменей" деген костюм-шалбар киіп, "Əлқожа" деген орамал тартып,"КН" деген нәски киіп Қазақстан тауарларын əлемге танытайық", - дейді Жеменейдің өнерін бағалаушылардың бірі.

Жанкүйерлер фотодағы Ақылбектің пиджагына қызығып, лезде бағасын сұрауда. Енді біреулері киімді тапсырыспен қалай алуға болатынын білгісі келеді.

Бірақ мұндай қуанышты бөлісушілердің арасында отандық киімдердің бағасы "удай қымбат" болатынын айтып жатқандар да бар. Қазақстандық брендтер қарапайым халық үшін арман дейді.

Айта кетерлігі, Ақылбек Жеменей бір жыл бұрын Алматыда Zhemeney records атты студия ашқанын хабарлаған болатын. Қазір әншінің студиясы уақытша істемей тұр екен. Бұған себеп, ән өңдеуші мамандар жетіспей жатыр. Дегенмен студияда барлық қажетті заманауи аппаратура бар, демек, кез келген әнші осында келіп, ән жаздыртуға мүмкіндігі бар көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/919554-aqylbek-zhemeney-zhemeney-atty-brendti-kiim-sh.html