RU

Канада ғалымдары күйзелісті көрсететін молекуланы анықтады

Канада ғалымдарының хабарлауынша, олар күйзелісті көрсететін молекуланы анықтады деп жазады 7sunews.kz.

Осы орайда мамандар бұл зерттеу антидепрессанттардың жаңа түрін әзірлеуге көмектеседі деп үміттенуде.

Атап айтқанда, бірқатар зерттеулердің барысында канадалық ғалымдар miR-1202 атауымен белгілі болған молекуланы тапты.

Ол өз кезегінде адам ағзасының күйзелісті жағдайын көрсетеді екен. Биологтар емдеу кезінде miR-1202-ні күйзелістің маркері ретінде қолдануға және жаңа транквилизаторлық заттарды даярлауда пайдалануға жоспарлап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/919873-kanada-ghalymdary-kuyzelisti-korsete.html