RU

Қазақстанның Солтүстік Кореядағы елшісі тағайындалды

Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев еліміздің Солтүстік Кореядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Ол екі қызметті қоса атқарады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасының Корей Халық-Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Шахрат Нұрышев 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Үйленген, 3 баласы бар. Қазақ және орыс тілдерінде сөйлейді.

Пекин тіл институтында, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, сонымен бірге Назарбаев университетінде білім алған.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/919924-qazaqstannynh-soltustik-koreyadaghy-el.html