RU

Қытайлық әйел рекорд орнату үшін шашын 35 жыл өсірген (фото)

Қытайлық Ги Менг Гиннестің рекордтар кітабына енуі үшін 35 жылдың ішінде шашын екі жарым метрден асырып өсірген, деп жазады Лента.ru.

Юньнань провинциясындағы Мяо халқының 59 жастағы әйелі шашын 24 жасынан бастап кеспеген. Оның шаштары бір жылда алты-жеті сантиметрге өскен.

Ги Менг шашын қалың бұрым етіп өреді. Егістіктегі жұмыс кезінде басында бес сақина етіп орап, белінен үш рет айналдырады.

Қытайлық азаматша ұзын шаштың болуы денсаулыққа пайдалы екенін айтты, бірақ пайдасы неде екенін атамады. Сондай-ақ Ги Менг шашын жуған соң бұрымын жеті күн бойы кебетінін айтты.

Бұған дейін әйел шашын 19 000 юаньға сатып алу ұсынысынан бас тартты. Оған әйелдің әлемдік рекорд орнату тілегі себеп болған. Қазіргі кезде бірінші орын басқа қытайлық әйел - Кси Куипингке тиесілі болып отыр, ол Гиннестің рекордтар кітабына 2004 жылы енген. Сол кездегі шашының ұзындығы 5,6 метр болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/920017-qytaylyq-ayel-rekord-ornatu-ushin-shashy.html