RU

Түркістанда отбасын қырып салған жігіттің миллиондаған берешегі болыпты

Оның травматикалық тапаншадан оңбай жараланған 6 жасар ұлы мен 52 жастағы шешесі ауруханада жатыр. Қаскөй қанды қылмыстан кейін өз-өзіне қол салмақ болған екен. Мұхамед Исраиловтың мұндай жауыздық жасауына қызғаныш себеп болуы мүмкін дейді тергеушілер КТК арнасына.

Тек мұнымен ағайын-туыс келісіп отырған жоқ. Айтуларынша, ескі көліктерді алып-сатумен айналысатын жігіттің миллиондаған берешегі болыпты. Сондықтан бұл қарыз бергендердің ісі деген пікірде.

Бүгін Түркістандық Исраиловтардың үйінен 4 адамға жаназа оқылып жатыр. Бір жанұяның 31 жастағы келіні мен оның 5 жасар қызын және 29 және 18 жастағы қос азаматын соңғы сапарға шығарып салды

Қанды оқиға сенбі күні мына үйде болған. Таңертеңнен бері бір телефонын көтермей, көшеден көрінбеген соң туыстары үйге өздері іздеп келіпті. Сөйтіп, қан-жосаның үстінен түскен.

Қансырап жатқандарға жедел-жәрдем мен полиция шақырған туыстары кейінірек, есік алдында басынан жарақат алып, есеңгіреп жүрген 30 жастағы інісі Мұхамедті көріпті.

"Мұхамедті отырғызып тергеген. Комода тұрған адамды қалай тергейді? Ол не айтып не қойғанын білмейді",- дейді марқұмдардың туысы Диларам Исраилова.

Ал, полицейлер болса Мұхамедтің өзі жасаған қылмысын мойындады деп отыр. Мұндай жауыздыққа келіншегін қызғанған соң барғанына сенімді тәртіп сақшылары басқа нұсқаларды қарастырып отырған жоқ.

ОҚО ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзованың айтуынша, күдікті азамат осы ауыр қылмысты жасағаннан кейін өз-өзін өлтірмекші болған. Травматикалық тапаншадан атқан барлығына . Шешесі 63 жылы туған, баласы 2009 туған және де өзі күдікті жансақтау бөлімінде жатыр.

Тек Мұхамед өзінің туған анасы мен қос інісін, келіншегі мен ұл-қызын жайратып салды дегенге туыстары да, көршілері де сенбейді. Айтуларынша, ескі көліктерді жөндеп сатып келген Мұхамедтің 10 миллион теңгеден астам қарызы болған. Сол ақша үшін өшіккендердің ісі дейді.

"Достарға маған жәрдем беріңдер депті. Мені атып кетеді қорқытып жатыр дегендей айтыпты өзінің бірге жүрген достарына. Айтқаннан кейін бір апта өтпей осындай болып тұр міне", - дейді туысы Шаукат Шарапов.

Қазір ауруханада Мұхамедпен бірге оның анасы мен 6 жасар ұлы жатыр. Дәрігерлер үшеуінің хәлі де өте ауыр дейді. Ал, ағайын-туыстары енді істі қайта тексеруін сұрап бүкіл құзырлы орындарға шағым түсірмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/920068-turkistanda-otbasyn-qyryp-salghan-zhig.html