RU

Астанадан Өскеменге дейін жүретін жүрдек пойыз іске қосылды

Жолаушыларды жедел жеткізу үшін Астанадан Өскеменге дейін жүретін жүрдек пойыз іске қосылды. Бұрын тек күнара жүретін жаңа құрам енді жолаушыларды  күн сайын тасымалдайтын болды деп хабарлайды 31 арна.

"Астана-Защита" бағытында қатынайтын жүрдек пойыз бұрын Өскеменге дейін Ресей арқылы 28 сағатта жететін. Артықшылығы сол, жолға қойылған жаңа құрамның арқасында жолаушылар 10 сағатын үнемдеп, елордадан Өскемен қаласының теміржол вокзалына 16 сағат 50 минутта жетеді.

Жүрдек пойыз Ерейментау, Екібастұз-1, Павлодар, Ақсу-2, Дегелең, Семей, Шар станцияларына аялдайды. Мұнымен қоса, доллардың көтерілгеніне қарамастан билет құны да арзандаған.

Жолаушы бір ай бұрын қамданып, билет сатып алса, айтарлықтай арзанға түседі. Оның үстіне, 3 санаттағы дисконттық карталарды да пайдалануға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/920177-astanadan-oskemenge-deyin-zhuretin-zhu.html