RU

АҚШ ғалымы экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты атанды

2015 жылы экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты болып АҚШ-ғы Пристон университетінің профессоры Ангус Дитон танылды. Ғалым бұл сыйлықты «тұтыну, кедейшілік және әл-ауқат талдауы» үшін алған.

Швеция корольдік ғылым академиясының пікірінше, Дитонның жұмыстары қатардағы тұтынушылардың өз шығындарын үлестіру туралы шешімдерді қалай қабылдайтынын, сондай-ақ қандай да бір тауарға сұраныс оның бағасы және тұтынушылар табысының деңгейіне қалай байланысты болып отыратынын жақсырақ түсінуге көмектеседі.

Дитонның сонау 1980 жылдары жасап шығарған әдісі біздің заманымызда экономикалық теорияда да, тәжірибеде де стандартты құрал болып табылады.

Дитон - Эдинбургтың тумасы, екі азаматтығы бар - Ұлыбритания мен АҚШ-та, Пристон университетінің экономика факультетінің экономика профессоры, бұрын Англиядағы Бристоль және Кембридж университеттерінде қызметтер атқарған. Британия академиясы, Эконометриялық қоғам және Американың өнер және ғылым академиясының мүшесі болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/920209-aqsh-ghalymy-ekonomika-boyynsha-nobel-s.html