RU

Еуропа Одағы Белоруссияға салған санкциясын уақытша ала тұрмақ

Еуропа Одағы (ЕО) Белоруссияға салынған санкцияны уақытша ала тұруға шешім қабылдады.

Францияның Еуропа істері бойынша мемлекеттік хатшысы Арлем Дезирдің мәлімдеуінше, ЕО елдерінің сыртқы істер министрлері Белоруссияға салынған санкция күшін "президент сайлауының қазіргі жағдайда аз да болса ашықтау, тыныш өткеніне орай" келесі жылғы қаңтардан бастап төрт айға тоқтату туралы алдын ала уағдаласқан.

Дезирдің сөзіне қарағанда, ЕО Белоруссиядағы жағдай нашарласа санкцияны кез-келген уақытта қайта енгізе алады. Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер Белоруссиядағы кейбір оң өзгерістерді, оның ішінде саяси белсенділердің босатылғанын құптағанымен, сайлау "халықаралық талаптарға сай келмегенін" айтты.

Халықаралық бақылаушылар Александр Лукашенко төртінші мерзімге қайта сайланған 11 қазандағы президент сайлауы барысын сынаған. Сарапшылар Беларусь билігі демократиялық реформалар жүргізу міндетін орындамады деп, сайлаудағы дауыс санау процесіне күдік келтірген.

Ресми мәлімет бойынша, Лукашенконы дауыс бергендердің 83,5 пайызы қолдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/920276-europa-odaghy-belorussiyagha-salghan-san.html