RU

Мейрамбек Беспаев жарының туған күнін дүркіретіп өткізді (фото)

Талай арудың арманына айналған әнші Мейрамбек Беспаев 12 қазанда асыл жары Мархабаттың туған күнін қазақстандық жұлдыздармен бірге атап өтті, деп хабарлайды NUR.KZ.

Кеш қонақтары туған күн иесімен естелік суретке түсіп, фотоларын Instagram парақшасында жарыса жариялады.

"Әппақ жеңгем жаңа жасыңыз құтты болсын! Ағам екеуіңіз бақытты ғұмыр кешіңіздер! Кешегі күннен естелік!", - деп жазыпты Instagram-да Мөлдір Әуелбекова. 

Ортаға туған күн иесінің құрметіне торт әкелініп, қос ғашық тәттіден бірге дәм татты. Ал кеш қонақтары "Туған күніңменен" деп жан-жақтан әуендетіп, қол шапалақтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/920471-meyrambek-bespaev-zharynynh-tughan-kuni.html