RU

Ақтауда асфальтты көліктерді орнынан қозғамай төсей салған (фото)

Ақтауда жол жөндеушілер асфальтты көліктерді орнынан қозғамай төсей салды. Олар төсеу кезінде тұрған көліктерді жай ғана айналып өткен.

Бұл туралы Tumba.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Оғаш жағдай Ақтаудың 13 ықшамауданында болған. Жолдың "осылайша шебер" жөнделгенін көрген тұрғындар жағасын ұстаған.

«Біздің ықшамауданда жолды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарын қалай болса, солай жасайтындарына етіміз үйреніп кеткен. Бірақ, шыны керек, өмірімде мұндай қызықты бірінші рет көріп тұрмын», - деп жазған тұрғындардың бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/920632-aqtauda-asfaltty-kolikterdi-ornyna.html