Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар: Мектептен-мектепке ауысу оқушының математика пәнінен үлгерімін төмендетеді

Опубликовано:

Мектептен ауысу математика пәнінің бағасын төмендетеді. Нью-Йорк университетінің ғалымдары осындай тұжырымға келіп отыр деп жазды 7sunews.kz.

Бір мектептен екінші мектепке ауыса берген оқушының математика пәнінен үлгерімі төмендеп, сыныптағы тәртібі мен оқушының көңілінің бөлінуіне жаман әсер ететіні анықталды. Арнайы жүргізілген тәжірибеге бастауыш мектептің табысы төмен отбасынан 381 (52% қыз бала) қатысты.

Қатысушыларға төртінші сыныпқа арналған математикадан қарапайым тест ұсынылды. Жалпы барлық оқушылар тест сұрақтарына жауап берді. Алайда басқа мектептен ауысып келген оқушылар басқа сыныптастарымен салыстырғанда 10 баллға төмен жауап жазған болып шықты.

Ғалымдардың пайымдауынша, өзге мектепке бір-екі рет ауыстыруға болады. Ал мектептен мектепке ауысу бастауыш мектепте жиі қайталанса, бұл баланың келешегінде қиындықтар туғызуы мүмкін.

Мамандар кеңес береді: мұғалімдерге, оқушыларға және олардың отбасына арнап жүргізген тиісті іс-шаралар оқушының жаңа мектепке ауысқандағы жақсы сабақ үлгеріміне көптеп көмектеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/920693-ghalymdar-mektepten-mektepke-auysu-oq/

pixel