RU

Алдағы күндері еліміздің үш облысында қар аралас жаңбыр жауады

Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет алдағы күндері еліміздің үш облысында күн суытып, ауа температурасы төмендейтінін хабарлады.

14 қазан күні Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде. Түнде ауа температурасы 1-6 градус төмендесе, күндіз 7-12, кей жерлерде 15 градус жылы болады.

15-16 қазан күндері Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде жауын-шашын жауады. 15 қазан күні таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде.

Түнде ауа температурасы 2-7 градус жылы, ал кей жерлерде -3 градусқа дейін төмендейді. Күндіз 8-13 градус аралығында жылы болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/921234-aldaghy-kunderi-elimizdinh-ush-oblysynd.html