RU

Сарапшылар еліміздегі ұсталған көліктер қашан және қаншаға қымбаттайтынын айтты

Қазірдің өзінде шет елден жүрілген автокөлік тасымалдайтын кәсіпкерлердің қатары азайған. Мәжілістен қолдау тауып, сенаттың қарауында жатқан жаңа заң жобасына сәйкес сырттан келетін, 1 жылдан-3 жылға дейін жүрілген көліктер үшін бастапқы тіркеу алымы 1 миллон теңгеге жетпек.

Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау: «Аталған заң жобасы ұсталған көліктерді Қазақстанға әкелуді азайтуға мүмкіндік береді» деген еді. Осы заң мақұлданып, күшіне енер болса еліміздегі көлік саудасына қандай әсері тиерін NUR.KZ тілшілері автокөлік саласында қызмет атқарып жүрген бірнеше басшы мен сарапшының пікірін білген болатын.

«Тәуелсіз АвтоБизнес одағы» ҚБ басқарма төрағасы Павел Ким:

«Әрине жаңа заңнан соң елдегі ескі көліктердің бағасы қымбаттай түсері хақ. Әсіресе бірінші орында автобус пен жүк көліктерінің бағасы шарықтайды. Себебі, олардың өз құны 5 миллион теңгеден жоғары болса және оған алғашқы алым сомасын қосыңыз. Бұдан кейін кім шет елден қымбат көлік таситын болады. Әзірдің өзінде сырттан мінілген көлік жеткізетін ұсақ кәсіпкерлердің саны біраз азайды. Екіншіден, жылы жаңа көліктерді (2013 жылдан жоғары көліктер - автор) шетелден тасып, әкелуге екінің бірінің қалтасы көтере бермейді. Қазірдің өзінде Еуразиялық экономикалық одақтас елдерден кіретін көлік азайды. Оның бір себебі, теңге құнсызданған соң Қазақстанда ескі көлік бағасы арзандап, сауданың тұралауы. Сондықтан да жаңа заң ішкі сауданы қайта жандандырады деп ойлаймын.

«Аллюр авто» компания тобының» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марчел Рудик: 

"Жаңа заңды қос қолыммен қолдаймын. Бұл талап енгізілгеннен кейін халықтың жағдайы қиындап, көлік бағасы шарықтап кетпейді. Себебі, елімізде ескі көліктердің артығымен бар. Сондықтан да ол - бағаның тұрақты болуының бір себебі. Екіншіден - халық қазір қымбат бағаға ескі көліктен гөрі, су жаңасын тиімді шарттармен ұзақ мерзімге автодилерлерден сатып алғанды құп көреді. Мұның өзі жүрілген машинаға деген сұранысты азайтады. Ал, сұраныс жоқ жерде бағаның шарықтау болмайтыны сөзсіз".

«Samal Motors» компаниясының директоры, сарапшы Мақсат Мейірманов:

«Жаңа заңның негізгі мақсаты шетелден келетін ескі көліктер легін тоқтату емес, ішкі автоөндірісті нығайтуға бағытталған. Мәселе осында болып тұр. Бұған дейін халық арасында Ресейден 100 мыңнан аса ескі көлік кірді деген қауесет жүріп жатыр. Оны ешкім нақтылаған емес. Шын мәнісінде шетелден әкелінген, жүрілген көлік саны тіптен аз болуы да мүмкін. Ал жаңа заң жобасы тек алпауыт компаниялар үшін ғана тиімді. Қарапайым халық та, ұсақ дилерлерді де министрлік жылда бір заң шығарып қысумен шектеледі. Қазір біз Инвестиция және даму министрлігімен соттасып жатырмыз. Неге олар жаңа заң жобасын дайындаған да осы салада жүрген кәсіпкерлер, сарапшылар мен кеңеспейді. Тағы бір мәселе ЕЭО-тың аясындағы кедендік салымның және талап ереженің барлығы құпия. Сондықтан да ешкім алдағы уақытта Қазақстан нарығында көлік құны шарықтайтынын немесе төмендеп кететін дөп басып айта алмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/921255-arapshylar-elimizdegi-ustalghan-kolik.html