RU

Ақтөбеде күйеуін балталап өлтірген әйел сотталды

Ақтөбеде күйеуін балталап өлтірген 32 жастағы Надежда Косованова енді алдағы 8 жарым жылын түрмеде өткізетін болады деп хабарлайды КТК арнасы.

Сотталушы маскүнем күйеуінен екі жыл бойы жәбір көргенін айтады. Жетімдер үйінің түлегі өзінен 24 жас үлкен жарының жұдырықтауына көніп келген екен.

Қызғана беретін күйеуін балтамен соққылаған әйел, қан жоса болғанын көргенде ғана есін жиып, жедел жәрдем шақырыпты. Кінәсін толық мойындағандықтан, сот төрешісі оның жазасын біраз жеңілдетті.

Ал артында қалған екі баласы анасының тағдырын қайталап, жетімдер үйіне кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/921478-aqtobede-kuyeuin-baltalap-oltirgen.html