RU

17 жастағы бойжеткен "Шымкент аруы-2015" атанды (фото)

Шымкент аруы атану үшін жүзден астам бойжеткен сынға түсті, оған қатысушылар арасында кастинг жаз айларында өткен болатын. Іріктеу сынынан соң «Шымкент аруы-2015» байқауына қатысуға тек 16 үміткер жіберілді.

Байқау қатысушылары киім үлгілерін, оның ішінде қазақтың ұлттық киімдерін көрсетумен 4 кезеңнен өтуі тиіс болды.

Қазылар алқасы «Шымкент аруы-2015» атануға 17 жасар Ақмөлдір Әбдірахымованы лайық деп таныды. Жас ару түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындар иеленіп те үлгерген.

Ақмөлдір 100 000 теңге сомасында сыйлық сертификатын иеленді. Енді ол жерлестерінің намысын «Қазақстан аруы» байқауында қорғай алады, деп хабарлайды otyrar.kz.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/921588-17-zhastaghy-boyzhetken-shymkent-aruy-2015-atan.html