RU
Назарбаев Айдын Айымбетовке "Халық қаһарманы" атағын берді
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаев Айдын Айымбетовке "Халық қаһарманы" атағын берді

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының ғарышкері  Айдын Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Назарбаев Айдын Айымбетовке "Халық қаһарманы" атағын берді

Президент Айдын Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағын беру туралы қаулы етті.

"Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын Жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулыда.

Еске сала кетейік, Айдын Айымбетов ғарышта он күн болып, маңызды зерттеулер жүргізген болатын. Халықаралық ғарыш станциясынан оралған Айымбетовті президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі күтіп алды.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel