RU

Астана әкімдігі тұрғындарды пәтер сатып алу кезінде сақ болуға шақырды

Астана қаласының әкімдігі құрылыс салушылар баспананы сатуды үлескерлердің қаражаттарын тарту үшін тиісті лицензиясы немесе нақты бір нысанды салу үшін екінші деңгейлі банктерде ашылған 100% кредиттік желісі бар болған жағдайда жүзеге асыра алатынын хабарлайды.

Бұл жауапсыз құрылыс салушылардың пәтерлерді заңсыз сату фактілеріне жол бермеу мақсатында қолға алынып отыр.

Құрылыс салушының құрылысты бастау үшін төмендегідей құжаттары болуы тиіс:

- Нысан орналасқан жер учаскесін иелену құқығын растайтын құжаттары (жеке меншік немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығына арналған акті);

- Әзірленген және сараптамадан өткен инженерлік желілері көрсетілген жобалау-сметалық құжаттамасы;

- Әкімдіктің құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат қаулысы;

- «Астана қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ (МСҚҚБ) құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау туралы хабарламасы.

Рұқсат беру құжаттамалары туралы қажетті ақпаратты Астана қаласы әкімдігі сайтының «Ақпараттар бюросы» бөлімінен алуға болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/921751-astana-akimdigi-turghyndardy-pater-sa.html