RU

Павлодар облысында қоғамдық орында дәретке отырған тұрғынға айыппұл салынды

Павлодар облысының Железин аудандық соты ұсақ бұзақылық жасаған азаматқа қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, айыпталушы 2015 жылы қыркүйек айында шамамен сағат 19.30-да Железин ауылының Абай көшесінде кіші дәретке отырып, қоғамдық орынды бүлдірген.

"Ол сот отырысында әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын толық мойындап, бұл ісіне өкінетінін жеткізді. Сондай-ақ жуырда науқастанып қалғанын және тұрақты жұмыс орны бар екенін алға тартып, қатты жазаламауды сұрады", - деп жазылған хабарламада.

Сот қаулысымен қоғамдық орынды ластаған азамат кінәлі деп танылып, ӘҚБтК-нің 434-бабы, 1-бөлігі бойынша 13874 теңге әкімшілік айыппұл тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/922461-pavlodar-oblysynda-qoghamdyq-orynda-d.html