RU

Дзюдошы Рустам Ыбыраев отау құрды

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Рустам Ыбыраев пен Қазақстан әйелдер құрама командасының мүшесі Анар Сейтімова үйлену тойын өткізді, деп хабарлайды ҚДФ-нан.

Еске сала кетейік, Рустам Ыбыраев биылғы жылы Астанада өткен әлем чемпионатында күміс жүлде еншіледі. Бұл оның ересектер арасында өткен бірінші чемпионаты әрі мансабындағы ең жоғары марапаты.

Енді жаттықтырушылар құрамы оған Grand Slam (БАӘ, Әбу-Даби, 30 қазан-1 қараша) топтамасындағы жарыста үлкен үміт артып отыр, деп жазады sports.kz.

Биылғы жылдың қыркүйек айында Самат Есен мен Асхат Тельмановтың отау құрғандарын еске сала кетейік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/922886-dzyudoshy-rustam-ybyraev-otau-qurdy.html