RU
"Жігіттер" тобының солисі "Эйр Астананың" қызмет сапасына шүйлікті

"Жігіттер" тобының солисі "Эйр Астананың" қызмет сапасына шүйлікті

Рассказать Вконтакте

"Жігіттер" тобының солисі Бағлан Әбдірайымов Air Astana компаниясының қызмет сапасын сынға алды. Бұған әншінің жолсапары барысында әуежайда орын алған келеңсіздіктер себеп болған, деп хабарлайды NUR.KZ.

Танымал әртіс Бағлан Әбдірайымов Instagram парақшасында аты-жөні, ұшақтағы орны билетте көк сиямен жазылған суретті жариялап, өз ренішін білдірген. Ұшақтан қалып кете жаздаған әнші тіпті "Эйр Астана" қызметкерлеріне дауыс көтерген. Бірақ осының арқасында әділеттікке қол жеткізген.

"Құрметті,@air_astana_official! Сіздердің тұрақты жəне Номад (жиі ұшатын жолаушыларына арналған бағдарлама) карта тұтынушыларыңыз болғандақтан, бүгінгідей келеңсіз жағдайларды қайталаумаларыңызды сұраймын", - дейді Әбдірайымов.

Әнші әуе компаниясының қызмет көрсету сапасына бұрын толығымен көңілі толып жүргенін, солай қала беруін өтінген.

"Қызметкерлеріңізге дауыс көтергенім үшін кешірім сұраймын. Кейде айқайдың осындай да пайдасы тиіп жатады", - деп жазылған Әбдірайымовтың аккаунтында.

Сіздің реакцияңыз
37
10
1
3
0
59
9
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel