RU

Бразилиялық төреші 11 футболшыға қызыл қағаз көрсетіп, алаңнан қуып шықты (видео)

Бразилияда «Сертаозиньо» мен «Фламенго де Гуарильос» жастар командалары арасындағы футбол матчы жаппай төбелеске ұласып, төреші 11 ойыншыны алаңнан қуып шықты, деп хабарлайды eurosport.ru.

0:2 есебімен жеңілген «Сертаозиньо» командасының бапкері қарсы командадағы бір ойыншыны итеріп жіберіп, төбелесті бастап береді.

Қақтығыстың соңында төреші Вагнер да Силва «Сертаозиньо» клубының 6 ойыншысы мен «Фламенго де Гуарильос» командасының 6 ойыншысына қызыл қағаз көрсетіп, алаңнан қуып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/923206-braziliyalyq-toreshi-11-futbolshygha-qyzyl.html