RU

Ғалымдар адамның ең бақытсыз кезін анықтады

Зерттеушілер 2000 британдықтарға сауалнама жүргізіп адамның ең бақытсыз кезін анықтады деп жазды 7sunews.kz.

Респонденттердің төрттен бір бөлігі түске дейін өзін бақытты сезінетінін айтқан. Сауалнамаға жауап берген адамдардың басым бөлігі дүйсенбі күні таңертеңгі сағат 11:17-де өзін жабырқаңқы және бақытсыз сезінген. Алайда барлығының көңіл күйі сағат 14:35-ке таман көтеріледі екен.

Қатысушылардың көңілінің көтерілуіне сәтті жасалған келісім-шарт (42%), амандасып, құшақтасу (40%) және жол берген көлік (36%) әсер еткен. 47 пайызы қайырымды іс жасауға уақыт тапқан кезде өзін бақытты сезінген. Тек сауалнамаға қатысқандардың 27 пайызы ғана айналасындағы адамдарды күн сайын қуантуға әрекет жасаған.

Ал көпшілігі (47%) алғыс алмағанына, кезекте (75%) тіресіп тұрғанына және пойыздан (43%) түскен кездегі кедергіге ашуланады. Психологтардың айтуынша, кең үй, көңіл толтырарлық демалыс, жақсы автомобиль сынды қымбат дүниелер адамды бақытты ете алмайды.

Мамандардың пайымдауынша, өмірде аса маңызды рөл атқаратын – мейірімді адамдар.

Мәселен: таңертең сені күтіп тұратын автобус жүргізушісі, күнделікті «Қайырлы таң» деп күлімдеп қарсы алатын жұмыстағы әріптесің. «Адам мейірімге толы сөз айтып, жылы қабақ танытқан өзге адамның жақсылығын байқап, бағалай білсе ғана өзін едәуір бақытты сезінетін болады», — дейді мамандар.

http://q99.it/6dNearp

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/923301-ghalymdar-adamnynh-enh-baqytsyz-kezin.html