RU

2020 жылдан бастап барлық азаматтар табыстары туралы декларация тапсырады

2017 жылдан бастап сайлауға түскісі келетін барлық үміткер өзінің және жұбайының активтері туралы декларация тапсыратын болады. Мұндай өзгеріс «Сайлау туралы» Конституциялық заңға енгізілмек деп хабарлайды Астана арнасы.

Оны сенаттың қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев хабарлады. Заңдағы декларация бұрын «табыс және мүлік» деп аталса, енді ол «активтер және міндеттемелер» декларациясы деп аталмақ.

"Көптеген компаниялардың активтері сатылып жатыр. «Қазақтелеком», «Кегок», «Қазмұнайгаз» сияқты үлкен ірі компаниялардың, «Қазатомпром» олрдың активтері сатылып жатыр. Ал кейбір сайланбалы тұлғаларда сатып алып жатыр. Олар ол активтерден бір қандай да болмасын пайда көріп отыр. Ол бұрын заңда көрсетілмеген", - дейді парламент сенатының депутаты Ерболат Мұқаев.

Сенат комиететі жеке тұлғалардың мүлкі мен табыстарын жариялау бойынша заң жобасын да талқылады. 2017 жылдан бастап жалпыға бірдей декларацияны мемлекеттік қызметкерлер, соттар мен депутаттар жарияласа, 2020 жылдан бастап барлық азаматтар тапсарады.

Тіпті несие, ипотека сынды қарыздармен, өзге адамдардан алған борыштарын да тізіп көрсетеді. Зейнеткерлер де босатылмайды. Бірақ олар табысын санмен көрсетпейді, есепті сұрақ-жауап түрінде береді, дейді қаржы вице-министрі.

"Бәрі тапсырады, зейнеткерлер де, біздің болжам бойынша, 12 млн-ға жақын халық тапсырады, 18 жастан асқан адамдар да. Зейнеткерлердің декларациясының саны бір-ақ парақта болады. Жеңіл тапсырылатын декларация болады", - дейді қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/923322-2020-zhyldan-bastap-barlyq-azamattar-taby.html