RU

Қазақстан армиясының командирі ислам дінін қалай қабылдағанын айтып берді

Қызыл жұлдыз орденімен марапатталған Ауғанстандағы десанттық-шабуыл батальонының командирі Олег Иванович Рубец ислам дінін не себепті қабылдағанын және әскери шенділер қалайша "жалған ерлік жасағаны үшін" медаль алғандарын айтып берді.

Бұл туралы «Времяға» сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Армиядан босатылғаннан кейін Олег Иванович гуманист, теолог, қоғам қайраткері әрі бейбітшіл адамға айналды. Ислам дінін қабылдап, өзіне Әли Апшерони деген есім алды (толық аты - Әли-хаджи ибн Усман Аль-Апшерони).

15 жыл бұрын Рубец еліміздің ең танымал тұлғаларының бірі болатын. Қоғамдық ұйымдарға қатысып, бірнеше телебағдарламаларды жүргізген. Кейіннен ел алдына шықпай кетті. Белгілі болғандай, ол денсаулығына бола көпшілікке көріне беруін доғарған. Командир жүрегіне үш рет ота жасатқан екен. Офицер өзінің ауыр халін көрсетпеу үшін журналистермен кездесуін доғарған.

Олег Иванович өзінің армиядан кетуіне ауған соғысы туралы жазған «Армия – моя боль»  атты кітабы себеп болғанын айтуда. Аталмыш кітап сол күйі жарыққа шықпаған. Ондағы мәліметтер кей шенділерге мүлдем жақпай қалған. Мәселен, жараланғандарға арналған қанды әжетханаға төккендері туралы әңгімелегенін ұнатпаған.

«Шайқастан кейін марапат қағаздарын таратуға келдім. Рапорттың ішінен өз ротамның есімін көріп қалдым. Онда таңғаларлық жағдайды баяндаған. Пәленінші жылдың пәлен күнінде менің ротам жаудан қашып, үңгірге тығылғанда подполковник келіп, сарбаздардың рухын көтеріп, жаудың бетін кері қайтарған-мыс. Сол ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденіне ұсынылған екен. Сол рапортты алып жиында, әлгі подполковниктің көзінше оқыдым. Сосын «Екі жыл бойы төбе көрсетпесең,  менің ротамды қашан және қайда көтеріп үлгердің» деп сұрадым» - дейді ардагер.

Командир Рубецте екі жақын досынан айырылғанда алғаш рет жүрегі сыр бергенін айтуда. Ол кек алып, әр досы үшін 100 жауының көзін жоюға серт берген.

«Бір кезде нысанаға қарулы жеткіншек түсті. Шертпені басуға әзір болғанымда: «Тоқта, тыныштал. Достарыңды қайтарып ала алмайсың. Ал алдыңда тұрғаны әлі бала» деген ішкі ойларым мені тоқтатты. Мені тоқтатқан Жаратушының өзі екеніне сенімдімін», - дейді офицер.

Журналистер Иванович ислам дінін тұтқында болғанда қабылдаған деген ақпарат таратқан. Алайда, офицердің өзі бұл ақпаратты жоққа шығарып, дінді үйіне оралғанда қабылдағанын алға тартты.

«Мені таң қалдырған жайт болды. Мен бастан-аяқ қаруланған болсам да, өлімнен қатты қорықтым. Ал олар болса, айтарлықтай қаруланбағанына қарамастан, өлімнен қорықпады. Қорықпайтын жаудан қауіпті жау табыла қоймас. Мен оларға не күш беретінін түсінуге тырыстым. Кейін олар ислам дінінен рух алатынын түсіндім», - дейді Олег Иванович.

Рубец оны Қазақстан мүфтиі ретінде тағайындамақ болғандарын, алайда ол бас тартқанын растады. Оның ойынша бұл орынға қазақ халқының ұлы ғана лайық.

Командир 1992 жылы қажылыққа да барып келген екен. Ол қасиетті мекенге шешен қажыларымен бірге аттанған.

Рубец әйелінің де ислам дінін қабылдағанын, алайда алдымен жары көп әйел алу құқығына қатысты оның көзқарасын сұрағанын жасырмады. Командир өзге әйел алуға ниетті емес және әйеліне сүйіспеншілігі зор екенін айтқан.

"Время" басылымының рұқсатынсыз ақпаратты көшіріп, пайдалануға болмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/923908-qazaqstan-armiyasynynh-asker-komandir.html