RU

Алкогольді ішімдіктердің миға теріс әсер ететіні анықталды

Испаниядағы Сантьяго-де-Компостела Университетінің ғалымдары алкогольдің адам миына қаншалық зиянды екендігін анықтады.

Зерттеуге екі түрлі топтың студенттері қатыстырылды. Тәжірибе кезінде бірінші топ қатысушылары апта ішінде 3 шыныаяқ сыра және сонша мөлшерде шарап ішті. Ал екінші топ студенттері мүлде ішімдік ішкен жоқ.

Мұнан соң олардың барлығына орындауға бірдей тапсырма беріліп, сол кездегі мидың жұмысы сарапқа салынды. Тапсырманы екі топ та ойдағыдай орындаған. Бірақ, апта бойына ішімдік ішкен топтың қатысушылары жүйке жүйесіне түскен ауыртпалықты өткір сезініп, тез шаршап қалған.

Ғалымдардың айтуынша, тіпті аз ғана мөлшерде ішілген ішімдік ағзаның тез арада шаршауына әкеліп соқтырады. Жастық шақта бұл шаршау білінбегенімен, адам жасы ұлғайған сайын сезіле бастайды, деп жазады epochtimes.ru.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/924349-alkogoldi-ishimdikterdinh-migha-teris.html