RU

Швейцария банктері ресейліктердің шоттарын жаппай жауып жатыр

Швейцарияның UBS және Сredit Suisse ірі банктері активі 5 млн доллардан аспайтын ресейліктердің шоттарын жаппай жауып жатыр.

Бұл туралы Forbes бизнес журналы жариялады, деп хабарлайды Bnews.kz.

«Банктер активі 5 млн доллардан аспайтын клиенттерді өз шоттарын жабуға мәжбүрлеп жатыр. Шотын жабудан бас тартқан клиент шотты жүргізу үшін қосымша абоненттік төлем жасауы тиіс. Абонеттік төлем айына шамамен мың швейцариялық франкке тең», - дейді Forbes өкілдері.

Ресейліктер мен банк арасындағы кикілжің өткен жылдың көктемінде басталды. Өткен жылы банк басшылығы дәл осындай саясат жүргізіп, активі 3 млн доллардан аспайтын клиенттерге қосымша төлем жасауға мәжбүрлеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/924403-shveycariya-bankteri-reseylikterdinh-sh.html