Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамбектің әйеліне арнап шырқаған әні жанкүйерлерін тамсандырды (видео)

Опубликовано:

Талай қызды өзіне ғашық еткен "Мұзарт" тобының солисі Мейрамбек Беспаев әйелі Мархабаттың туған күніне арнап ән шырқаған болатын. Әнші бұл жолдауын өзінің Instagram парақшасында жариялаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеоның астына Беспаев "Мархабатым, махаббатым туған күніңмен" деп жазып қойған.

Мейрамбектің әнін 17 мыңнан астам жазылушылар көріп үлгерген. Олардың ішінде "қанша қайталап көрсем де, тоймаймын" деп пікір қалдырғандар саны өте көп.

Беспаевтың даусына тамсанғандар қатарында танымал отандық әртістер де бар. Солардың бірі Жазира мен Жанболат та видеоны Instagram парақшасында бөлісіп, "Даусыңнан айналдым" деп жазған.

Жанкүйерлердің бірі Мейрамбекті сағынып, тағатсыздана күтіп жүргенін жазса, енді бірі тойына шақырып жатыр.

"Мейрамбек аға, дауысыңыз керемет қой, құдай қаласа, менің тойымда қонақ болсаңыз, арманым жоқ, Алла разы болсын", - деп жазады әншінің жанкүйерлері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/924546-meyrambektinh-ayeline-arnap-shyrqaghan-2/

pixel