RU

Қостанай тұрғыны дәрігер қабылдауына жазылу үшін емханаға 150 рет телефон шалған

Қостанай тұрғыны баласын дәрігер қабылдауына жаздыру үшін қаладағы емхананың тіркеу бөліміне 150 рет телефон шалған.

Бұл туралы kstnews.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Қала тұрғыны Қостанайдағы №2 емхананың қабылдау бөліміне 2 сағат бойы телефон шалыпты. Мұны телефон қоңырауларының скриншоты дәлелдейді.

«Сіз бүгін балаңызды №2 емхана дәрігерінің қабылдауына жаздыра алдыңыз ба? Мен жаздыра алдым. Тек 150-ші рет телефон шалғанда ғана тұтқаны көтерді», - дейді қала тұрғыны.

Осыдан соң, қалалық емханаға қатысты пікірлер легі толастаған жоқ.

«Оларға телефон шалу мүмкін емес. 5 адам отырады, бірақ біреуі де тұтқаны алмайды», - дейді Ольга Шайхадинова.

«Масқара. Менің 7 айлық қызымды ортопед қабылдауына жаздыра алмай жүргеніме 3 апта болды», - деп жазады Наталия Жилякова есімді тұрғын.

«Мен де №2 қалалық емханаға ұзақ уақыт бойы телефон шалдым. Олар тұтқаны көтерген күйі қоя салған соң тағы да 30-40 минут күтуге тура келді. Сол кезде қоңырауға жауап беретін адамдардың қандай көйлек кию керектігі туралы бір-бірімен сөйлесіп отырғанын естідім. Кейін олар тұтқаға жауап берместен қоя салды. 5 минуттан соң қайта телефон шалғанымда, олар тіркеу уақыты аяқталғанын айтып, шорт кесті», - дейді Yuliya Sky есімді қолданушы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/924738-qostanay-turghyny-dariger-qabyldauyn.html