RU

Көкшетаулық жезөкше үйіне шақырған қонағын 4 күн бойы пәтерінде қамап қойған

Көкшетауда танысын 4 күн бойы пәтерінде қамап ұстаған 34 жастағы әйел ұсталды.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша күдікті Краснояр кентінің тұрғыны өзінің танысы, 28 жастағы зеренділік әйелді үйіне қонаққа шақырған. Кейін бірнеше күн қонақ болған танысы үйіне қайтпақ болады.

Алайда,  күдікті оның үйіне қайтуына үзілді-кесілді қарсы болып, "қызмет жаса" деп,  төлқұжатын, ұялы телефонын тартып алып, аяқ киімін бермей қойған. Күдікті жезөкшелікпен айналысқан және де үйіне бейтаныс жігіттерді шақырып отырған.

Абырой болғанда зардап шегушi телефон арқылы анасына болған жайды хабарлап үлгерген.

Қазіргі кезде зардап шегушi босатылып,  күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 126 бабының 1 бөлімі бойынша (заңсыз бас бостандығынан айыру) қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/924812-kokshetaulyq-zhezokshe-uyine-shaqyrghan-q.html