RU

БАҚ: Қытай мен Иран Қазақстандағы төртінші МӨЗ құрылысына қатысады

 Қытай мен Иран Маңғыстау облысындағы төртінші МӨЗ құрылысына қатысады, деп жазады «Ақ Жайық» басылымы.

«Иран тарапы Маңғыстау облысы аумағында төртінші МӨЗ-дің ортақ құрылысын салу туралы ұсынысын білдірді. Бұл жобаға қытайлық компаниялар да қатысуға тілек білдіріп отыр. Яғни үш ел бір жобаны қолға алатын болады», - деп келтіреді басылым Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Рақымбек Әміржановтың сөзін.

Оның айтуынша, Иранның аталмыш жобаға қызығушылық танытуы түрлі себептермен түсіндіріледі.

«Ирандағы барлық МӨЗ елдің солтүстігінде орналасқан, ол жақта тұрғындардың 80 пайызы тұрады, ал мұнай кен орындары елдің оңтүстігінде орналасқан. Сәйкесінше Иран елдің оңтүстігінен солтүстігіне шикізатты тасымалдау кезінде мұнайдың әр тоннасына 35 доллар жұмсайды, ал бұл үлкен шығын. Иранмен көршілес Әзірбайжанда мұнай өндіру төмендеп барады, оның өзі жоғары мұнай өнімдерін түріктің МӨЗ-інен импорттайды. Осылайша Иранның солтүстік өңірлеріне барынша жақын ел - ол Қазақстан», - деп түсіндірді Әміржанов.

Ол маңғыстаулық МӨЗ құрылысына қытайлық компаниялардың да қызығушылық танытып отырғанын атап өтті, олар Жетібай, Қаламқас және Қаражанбас секілді кенорындарының ортақ иеленушілері болып табылады.

«Маңғыстаудағы төртінші МӨЗ жоғары октанды бензин мен авиациялық отын шығара алады, осылайша отынның осы түрлері бойынша елдегі тапшылықты жаба алады. Қалған көлемін Иран Ақтау және Құрық порттары арқылы алуға дайын, және Парсы шығанағы ауданында өз елінің солтүстігіндегі мұнайын айырбас ретінде Қытай компанияларына береді», - деді әкім орынбасары.

Рақымбек Әміржанов аталмыш құрылыстың қазақстандық мұнайшылар үшін де тиімді екенін атап өтті.

«Өз жерлерінде мұнай шығара отырып, қазақстандық мұнайшылар Қара теңіз терминалы арқылы өз мұнайын сату барысында жұмсалатын 40 долларды үнемдеп қалар еді», - деп атап өтті ол.

Оның айтуы бойынша төртінші МӨЗ-дің елдің батысында орналасуының тағы бір артықшылығы мұнай қорының болуы.

Жаңа МӨЗ өнімін сатудың тағы бір нарығы Өзбекстан болуы мүмкін, ол да мұнай өнімдеріне тапшылық көріп отыр. Әміржанов Маңғыстау обылысында төртінші МӨЗ салу мәселесінің КСРО жылдары кезінде де көтерілгенін еске салды.

Төртінші МӨЗ қуатына келер болсақ, болашақ әріптестердің бұған қатысты пікірлері әртүрлі. Қытайлық тарап қуаты жылына 6 млн тонна болатын жоба ұсынса, ирандықтар 10-12 млн тонна туралы айтып жатыр. Инвестиция көлемі 5 млрд долларды құрайды.

Еске салсақ, Қазақстанда үш ірі МӨЗ жұмыс жасап жатыр. Олар Павлодарда, Шымкентте және Атырауда орналасқа

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/925008-baq-qytay-men-iran-qazaqstandaghy-tort.html