Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әкімінің жаңа орынбасарлары тағайындалды

Опубликовано:

Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Алматы қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары лауазымдарына Қырықбаев Арман Оразбайұлы және Жүнісова Әсел Абылайқызы тағайындалды.

Бұл туралы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Арман Қырықбаев ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, жастар саясаты, ұлттық мәдени орталықтардың жұмыстарына жетекшілік етсе, Әсел Жүнісова экономика, бюджеттік жоспаралу және қаржы мәселелерімен айналысатын болады.

Еске сала кетсек, Алматы қаласы әкімінің үш орынбасары Юрий Ильин, Зәуреш Аманжолова және Мұрат Құдышев басқа жұмысқа ауысуларына байланысты қызметтен кеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/925198-almaty-akimininh-zhanha-orynbasarlary-t/

pixel