RU

Венесуэла тұрғыны аяқ өлшемінің ұзындығы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енді

20 жастағы Венесуэла тұрғыны Джейсон Родригес Эрнандес аяқ өлшемі бойынша жаңа әлемдік рекордшы атанды. Оның оң аяқтағы табанының өлшемі 40,1 сантиметр, ал сол табанының өлшемі - 39,6 см.

Оның аяқ өлшемі жайлы әлемге таратқан Эрнандеспен Венесуэлаға барған саяхатында танысқан аяқ киім шығарушы Георг Весселс болды.

"14 жасқа келгенде аяқ киімге тапсырыс беруге мәжбүр болдым. Кейде жаңа аяқ киімді бірнеше апта күтетінмін. Сөйтіп кейде жалаң аяқ та жүретінмін", - деді рекордшының өзі.

Джейсонның ата-анасы ол 10 жасқа келгенде дәрігерлерге баруға мәжбүр болғаны аталып өтілді. Осы кезден оның басы қатты ауырып, буындарына қатысты проблемалар туындай бастаған.

Еске сала кетейік, осыған дейінгі рекорд иесі Түркия тұрғыны болатын. Оның бойы 2,51 метрді құрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/925301-venesuela-turghyny-ayaq-olshemininh-uzyn.html