Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Геннадий Головкин: Жанкүйерлерімді, өз елімді құрметтеймін (видео)

Опубликовано:

WBA (Super) және WBC (Interim) тұжырымдамалары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин, IBF тұжырымдамасы бойынша осы салмақтағы әлем чемпионы Давид Лемьемен жекпе-жегінің алдында, қазақстандық боксшы еліндегі жанкүйерлерінің қолдауын сезініп отырғанын  айтты.

Бұл туралы GGG-дің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

Ол журналистің осы сенбі күні сенің мансабыңдағы ең үлкен жекпе-жек өтеді, өзіңді қалай сезінудесің деген сұрағына:

"Иә, дұрыс айтасың, бұл - мен үшін ең үлкен жекпе-жек. Өзімді тамаша сезініп отырмын. Мен өте сабырлымын, себебі қасымда достарым мен командам бар, жекпе-жекке небәрі екі күн қалды", - деп жауап берді Головкин.

Сонымен қатар боксшы Қазақстанда өзінің есімін салып сапқа тұрған сарбаздар туралы да ойын айта кетті.

"Бұл - өте үлкен қолдау, мен үшін үлкен сыйлық. Өз жанкүйерлерімді, туған елімді құрметтеймін. Адамдар сенің қандай тұлға екеніңді түсінеді", - дейді Геннадий.

Ал журналистің өзіңді мықтымын деп санайсың ба, деген сауалына боксшы: "білмеймін оны уақыт көрсетеді" деп жауап қайырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/925567-gennadiy-golovkin-zhankuyerlerimdi/

pixel