RU

Туристерге ең дәмді ас ұсынатын әлемнің 16 қаласы анықталды

Британдық The Telegraph туристерге дәмді ас-ауқат ұсына алатын әлемнің 16 қаласын анықтады деп жазады Моя планета.

Бұл тізімде бірінші орынды Токио қаласы алады. Сушиден басқа, мұнда дәмді ас ішкенді ұнатушыларға доңыз еті мен теңіз жануарлары қосылған маусымдық қоспалары бар тағамдар ұсынылады.

Одан кейінгі орында - Ханой қаласы. Мұнда вьетнамдық ас мәзірінің ащы, тәтті, қышқыл дәмдері үйлесім тапқан тамақтан дәм татып көре аласыз. Қышқыл-тәтті сорпа, доңыз және балық етінен жасалған соус т.с.с. тағамдар қалаға саяхаттап келгендердің көңілінен шығып жүр.

Үшінші орыннан Лондон қаласы көрінді. Британ астанасында мейрамхана, барлар аса көп, демек ас мәзірінің алуандығы мол.

Сондай-ақ The Telegraph тізімінде «аса дәмді» шаһарлар ретінде үнділік Джайпур, американдық Нью-Йорк және Жаңа Орлеан, аргентиналық Мендос, итальяндық Болонья, француздық Лион, тайлық Бангкок, испандық Барселона, Дания астанасы Копенгаген, перуандық астана Лима, марокколық Фес, қытайлық Чэнду қалалары аталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/925739-turisterge-enh-damdi-usynatyn-alemn.html