RU

Тамаққа тойған қонжық терезеге тіреліп қалды (видео)

Камчаткада тұрғын үйлердің біріне қонжық кіріп кетті. Тамаққа тойған жануар терезеге тіреліп қалған.

Жануар асүйге барып үстел үстінде тұрған тамаққа бас салған.

Осы кезде оны үй иелері көріп қояды. Үй иелерін көрген аю қашпақ болып, терезеге қарай ұмтылады. Алайда тамаққа тойып алғаны соншалық, терезеден шыға алмай әлекке түседі.

Оның бұл әрекетін үй иелері ұялы телефондарына түсіріп алған. Біршама уақыт өткен соң қорыққан қонжық аман-есен үйден шығып кетеді деп жазады rg.ru.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/925774-tamaqqa-toyghan-qonzhyq-terezege-tirel.html