RU

Шымкентте салмағы 7 келіден асатын сәби дүниеге келді (фото, видео)

Шымкентте дүниеге келген салмағы 7 келіден асатын сәби көпшілікті таң қалдырса, дәрігерлерді аяғынан тік тұрғызған.

Бұл туралы ТВК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Айсұлтан Әшірбай осы жылдың қаңтар айында дүниеге келген. Бұған дейін Оңтүстік Қазақстанда болмаған жағдай аймақтағы дәрігерлерді де састырды.

Әйтсе де, №2 перзентхана қызметкерлері Гүлбақыт Асылбекқызын кесар тілігімен аман-есен босандырып алады.

Бүгінде 8 айдан асқан сәбидің денсаулығы жақсы. Оны бір көрген адам 1 жастан асып кеткен деп ойлауы мүмкін.

Әжесі болса, немересінің алып болып туылғанын бірден айтуға жүрексініпті.

Бұған дейін Қытай, Ресей және Үндістанда алып сәбилердің туылғаны хабарланған болатын. Алайда, Айсұлтан оларды басып озды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/926356-shymkentte-salmaghy-7-keliden-asatyn-sab.html