RU

Шетелдік танымал YouTube каналының жүргізушілері Қазақстан туралы бейнебаян түсірді

Шетелдік танымал BBBtv YouTube-каналының жүргізушілері Алекс пен Марко Aйлинг Қазақстанға сапарлары туралы қызықты бейнебаян түсірді.

2013 жылы елімізге келіп қайтқан шетелдіктер Алматының бірнеше мейрамханаларында және Қазақ ұлттық музыкалық аспаптар мұражайында, Шыңбұлақ пен Үлкен Алматы көлінде болады.

Видеода жүргізушілер "Гәкку" мейрамханасында шұбат пен қымыз ішіп көргендерін, бешбармақ жеп, велотурға аттанғандарын баяндайды.

Ұлттық сусындардан ұрттаған шетелдіктердің бірі бауырсақ жеуге, бірі су ішуге асықты.

Екі азаматты да алғаш елімізге келгенде "Бір мафия, бір такси тобы, бір баға" деп сендіргуе тырысқан такси жүргізушісі таң қалдырған.

Бір қызығы екі азаматқа да шұбат пен қымыз онша ұнамағанымен, ен далада арақ ішу ұнап қалған сыңайлы. Олар Қазақстанда әр түрлі ұлттар тату-тәтті тұрып жатқанына разы болған.

Сонымен қатар "Алаша" мейрамханасындағы ұлттық тағамдардың да дәмі тіл үйіретінін және Қазақстан табиғатының көркі көздің жауын алатынын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/926648-sheteldik-tanymal-youtube-kanalynynh-zhurgizu.html