RU

Мөлдір Әуелбекова өзін кәрі қыз деп атады (видео)

Әнші Мөлдір Әуелбекова Instagram парақшасында "Әйел сыры" ток-шоуынан үзінді жариялады. Студияға кіріп келген Нұрлан Албанның сауалына бойжеткен шоуға отырып қалған қыз болып келгенін айтып әзілдейді, деп жазады NUR.KZ.

 

Сондай-ақ, "Әйел сыры" бағдарламасының жүргізушілері Әуелбекованың тұрмыста қаншалықты епті екенін сынап көрді. Әнші эфирде ер кісінің көйлегін үтіктеп, студия қонақтарына көрсетті. Ал әртіс Нұрлан Албан Мөлдірдің жұмысына өз бағасын берді.  

Бұған қоса, Мөлдір Әуелбекова ойындағы ер-жігіттің болмысы қандай екенін баяндап берді.

"Бойы ұзын деп айта алмаймын, болмай-ақ та қойсын. Қасы көзі қап-қара болса, мұрны мұрын болса. Қараған кезде ер азаматты көргендей болатын адам", - дейді биязы әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/926758-moldir-auelbekova-ozin-kari-qyz-dep.html