RU

Қазақстандықтар Sex shop-тан қандай тауар сатып алады? (фото +18)

Америкалық «Сұрдың 50 реңі» эротикалық драмасынан соң бұл дүкендердің саудасы 3 есеге артқан. Елімізде эротикалық тауарларлар сататын дүкендердің жұмысына 8 жыл бұрын рұқсат берілген болатын.

Қазіргі таңда тек Алматы қаласы бойынша интимдік заттар сататын дүңгіршектердің саны 50-ден асып жығылады. Олардың сырты жабық, тіпті үнемі құлыптаулы тұрады десе болады.

Сөйте тұра саны күн сайын көбеймесе азаяр емес. Ал осы дүкендерге кімдер келіп және қандай тауар алатынын білу үшін NUR.KZ тілшісі аталған саладағы кәсіпкермен кездесіп, қазақстандықтардың талғамындағы ең өтімді тауарлармен және оның бағасын біліп көрді.

Дүкеннің жиі жабық тұратынын сатушылар тек тұрақты клиенттерге ғана қызмет көрсететінін және бұрыңғыдай емес тұтынушылар тауарды ғаламтор арқылы тапсырыс беретіндігімен байланыстырды.

Сатушы Екатеринаның сөзінше, ең бірінші орында ер азаматтар мен әйелдерге арналған қоздырғыш жақпа май, иіс сулар жиі сұраныста. Олардың бағасы 2500 теңгеден жоғары.

"Сөредегі тауардың тең жартысы әйелдерге, қалғаны ер-азаматтарға арналған. Келетін клиенттердің ең жасы 25 болса, үлкендері 60-70 жастағы аталар. Олар айына бір рет міндетті түрде келіп, жаңа заттар сатып алады. Бұрын ойлайтынмын жыныстық қатынас пен тек 50 жасқа дейінгі азаматтар айналысады деп. Жоқ, біздің тұтынушылардың арасында 55 тен асқандар өте көп", - дейді сатушы-кеңесші.

Кәсіпкер Виталий болса: «Қазақстандағы SEX SHOP бизнесі онша дамымаған. Елге келетін тауар түрі Ресеймен салыстырғанда 50 пайызға кем. Себебі, халықтың менталитеті Шығыс еліне жақын болғандықтан артық анайы заттарға сұраныс көп емес. Мәселен, барлық елде жезөкше қуыршақ, машиналар еркін саудаланады. Ал, бізде бұл заттарды тіпті сұрамайды да. Сондықтан да әкелетін тауардың шекті бағасы 40 мың теңгеден аспайды», - дейді.

Қазір саудагерлер «Сұрдың 50 реңі» эротикалық драмасының екінші бөлімінің шығуын асыға күтіп жүр. Осы фильмнен соң дүкеннің саудасы бірден 3 есеге артты дейді. Барлығы бірден, қамшы, темір білезіктер мен жұсақ соққыштарға сұраныстарды арттырған.

Ал эротикалық киімдерге келер болса, қазақстандықтар кинодағыдай «сұлу мейірбике», «қатыгез полицей» секілді киімдерге мүлдем мән бермейді. Жерлестеріміз тек торлап тігілген іш-киімдер мен жамылғы ғана сатып алады. Бағасы – 4500 теңгеден жоғары. Сондықтан да дүкенде интимдік көйлектің небары 4 түрі сатылады.

Дүкеннің басты қағидасы заттарды қолмен ұстап көруге болмайды. Сондықтан да клиент кіре сала қолғап киюі керек. Саудагерлерде бір реттік қолғаппен жұмыс жасайды.

Сондай-ақ, елімізде саудалатын эротикалық тауардың барлығы Ресей мен Қытайда өндірілген. Сапасы дәрігерлермен тексерілген дейді мамандар.

Тағы бір айтары жыныстық қатынасты қызықты қылу үшін бас сұғатындар бір кіргенде 20 мың теңгеге дейін сауда жасайды екен. Тіпті, араларында қарапайым зейнеткерлерде бар екен. Сауданың ең қызатын уақыты демалыс күндері мен мейрам кездері.

Мәселен мына қызыл раушан гүлі- 8 наурызда үлкен көлемде саудаланады. Оның басындағы гүлшоғы шын мәнісінде әйелдің іш-кимі.

Ал ерлер мерекесінде қыздардың төсі бейнеленген жұмсақ жастықтарға сұраныс басым. Көбінесе жалғыз басты ерлерге арналған сыйлық дейді сатушы.

SEX SHOP дүкенінің тұрақты қонақтары - гемосексуалды азаматтар. Олар үшін мұнда қыздардың жасанды кеудесінен бастап, жұмсақ жамбасқа дейін бар. Бірақ бағалары жоғары. 35 мың теңгенің төңірегінде.

SEX SHOP-те тек анайы заттар ғана емес, дәрігерлердің кеңесімен қолданылатын емдік-гинекологиялық және урологиялық бұйымдар да бар. Бұл тауарлар ақ-халаттының рұқсат қағазымен ғана босатылады екен.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/927087-qazaqstandyqtar-sex-shop-tan-qanday-tauar-sa.html