RU

Атырауда алаяқ "бала күтуші" жұмыс берушісін сан соқтыртты

Атырау қаласының №2 соты «бала күтушінің» қылмыстық ісі бойынша үкім шығарды деп хабарлайды Ақ жайық басылымы.

Жиырма жыл бұрын азаматша К. Қазақ ССР ҚК* 136 бабы бойынша («Алаяқтық») сотталған болатын, алайда, ол бұдан еш қорытынды шығармаған.

Ол пәтер жалдап тұратын жалғызбасты әйелдің баласын бағу үшін бала күтуші болып жұмысқа кіреді. Сеніміне кіру үшін көп уақыт бойы баласын бағады.

Әйелдің өз баспанасы жоқ екенін пайдаланып, Құлманов көшесіндегі мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйден екі бөлмелі пәтер алып беруге көмектесе алатынын айтып, өз қызметі үшін 1,6 млн теңге алған.

Кейін әйелдің анасы мен апасына да осы үйден екі бөлмелі пәтер алып бере алатынына уәде беріп, олардан 1,1 млн теңге алған. Әйелдер «бала күтуші» жоқ болып кеткенде ғана сандарын соғып қалды.

Қалалық прокуратура бөлімінің прокуроры Ерлан Кәкиев хабарлағандай, сот Қылмыстық кодекстің 190 бабы («Алаяқтық») бойынша және қылмыстың қайталануын ескере отырып, айыпталушыны мүлкін тәркілеумен бірге жалпы режимдегі колонияда 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/927470-aqtauda-alayaq-bala-kutushi-zhumys-berush.html