RU
ОҚО-да 5 баласын ертіп, Сирияға аттанып кеткен ерлі-зайыптылардың әрекеті елді шошындырды
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да 5 баласын ертіп, Сирияға аттанып кеткен ерлі-зайыптылардың әрекеті елді шошындырды

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында ерлі-зайыптылар 5 баласын ертіп, Сирияға аттанып кеткен.

ОҚО-да 5 баласын ертіп, Сирияға аттанып кеткен ерлі-зайыптылардың әрекеті елді шошындырды

Бұл туралы Замана басылымы хабарлайды.

Мұрат пен Сәлима (белгілі бір себептерге байланыс­ты аты-жөндері өзгертілді) өткен қыркүйек айында бала-шағасымен бірге ұшты-күйлі жоғалып кетті. Олардың отасқандарына 20 жылдан астам уақыт болған екен. Күні кешеге дейін ешқандай оғаш тірлігі байқалмаған. Ел қатарлы шаңырақтарын тербетіп, 6 баланы бағып-қағып отырған. Өзгелерден бір ерекшелігі, күйеуі сақал өсіріп, әйелі мен қыздары хиджаб киетін болған екен. Сондай-ақ, соңғы кездері туған-туыспен онша көп араласпайтын, той-томалақтарға бармайтын болыпты. Мұны Сәлиманың туыс әпкесі әңгімелейді.

«Сіңлімнің ізім-қайым жоқ болып кетуі бізді есеңгіретіп тастады. Сол уақыттарда мен ұлымды үйлендіріп, той жасағанмын. Бірақ күйеу балам мен сіңлім тойға келмеді. Намаз оқып жүрген соң арақ-шарап іші­ле­тін жерге жолағысы келмеген болар деп, бұған онша мән бермегенмін. Себебі, олар соңғы бір-екі жылдан бері көпшілікпен араласуды азайтқан еді. Сөйтсек, сол кездерде олар Сирияға кетуге дайындалып жүрген екен. Тіпті қаладағы пәтерін, есігінің алдындағы азын-аулақ малын да сатып үлгеріпті", - дейді Сәлиманың әпкесі.

"Сәлима мен Мұраттың 15 жастағы ұлы бар. Ол анда-санда жүйкесі сыр беріп, науқастанып қалатын. Сіңлім мен күйеу балам сол ұлдарын елде қалдырып, басқасын өздерімен бірге алып кетіпті. Кетер кезінде үйлерін құлыптап, баласын: «Үйдің кілтін апаңа апарып бер, оны ағаңа берсін», – деп жұмсаған. Әлгі бала апасының үйіне барып:­ «Асығыспын, мына кілтті ағама бере салыңызшы», – деп үйдің ішіне қарай лақтырып жіберіпті де, жүгіріп кетіп қа­лыпты. Қысқасы, ешкімге бұл туралы тіс жармаған ғой. Тіпті олардың бұл тірлігінен туған ұлы да бейхабар болған", - деп жалғады ол әңгімесін.

"Олар түн жарымында автобусқа отырып, Бішкекке барған. Бішкектен ұшаққа отырып, Түркияға, одан әрі Сирияға қарай кетіпті. Ұлттық қауіпсіздік қызметінде істейтін таныстарымызды араға салып, іздестіргеннен кейін білгеніміз осы болды. Басқа ешқандай мәлімет жоқ. Нақты қайда кетті? Қашан елге оралады? Осы сұрақтарға жауап таба алар емеспіз. Бір әттеген-айы, сіңлімнің қолындағы бір жарым жасар балаға обал. Бейкүнә сәбидің бесіктен белі шықпай жатып соғыс көретіндей не жазығы бар еді?", - деді келіншектің туыс әпкесі.

Бүгінде бүкіл ауданның айтатыны осы отбасы жайын­да болып отыр. Кейбіреулер сол күні Сирияға Мұрат пен Сәлимадан өзге бірнеше адам кеткен болуы мүмкін екенін айтады. Бірақ әзірге құзырлы органдар осы оқиғаға қатысты­ ешқандай ресми ақпарат таратқан жоқ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
308
28
21
32
0
15
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel